Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер

Telegram WhatsApp

Цена договорная

Продам Другое
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер Демалыс маусымы, туыстарға қонаққа бару, спорттық жарыстарға қатысу немесе басқа қалада білім алу – балалардың өз бетінше сапарға шығуына түрлі себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайда ата-аналарды жиі толғандыратын сұрақтың бірі – кәмелетке толмаған бала ересектердің еріп жүруінсіз ұша ала ма? Бұл мақалада FlyArystan рейстерімен балалардың қай жастан бастап өздігінен саяхаттай алатынын, қандай жағдайда «Жетелеушісі жоқ балалар» қызметін рәсімдеу қажет екенін және сапар алдында нені ескеру маңызды екені туралы бөлісеміз. 16 жастан асқан жасөспірімдер өздігінен саяхаттай алады 16 мен 18 жас аралығындағы жолаушылар FlyArystan рейстеріне әуебилетті өз бетінше сатып алып, ересектердің жетелеуінсіз ұша алады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескерген жөн. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының» 26-тармағына сәйкес, 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 36-бабының 5-тармағы негізінде еріп жүретін адамы жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін (жөнелту пунктінің жергілікті уақыты бойынша) тасымалдауға қабылданбайды. Сондықтан ата-аналар сапарды жоспарлау кезінде рейстің күніне ғана емес, ұшу уақытына да назар аударғаны жөн. Бала 16 жасқа толмаған болса не істеу керек? 6 жастан 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жетелеуінсіз саяхаттайтын болса, олар үшін «Жетелеушісі жоқ балалар» қызметі қарастырылған. Бұл қызмет аясында балаға әуекомпания қызметкерлері сапардың барлық кезеңінде бақылау жасап, қолдау көрсетеді. Яғни бала тіркеуден өткен сәттен бастап, межелі әуежайда қарсы алушы адамға тапсырылғанға дейін FlyArystan қызметкерлерінің бақылауында болады. Қызмет FlyArystan әуекомпаниясының ішкі және халықаралық тікелей рейстерінде қолжетімді. Қызметті қалай рәсімдеуге болады? Қызметті ұшуға кемінде 24 сағат қалғанда рәсімдеу қажет. Ол үшін әуекомпанияның байланыс орталығына +7 727 331 10 10 нөмірі арқылы хабарласу керек. Қызмет расталғаннан кейін ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен арнайы құжаттарды толтыру талап етіледі. Онда баланы ұшу әуежайына шығарып салатын және келген әуежайдан қарсы алатын адамдардың мәліметтері көрсетіледі. Брондау кезінде көрсетілген электрондық поштаға толық нұсқаулық пен өтініш формасына сілтеме жіберіледі. Ұшу алдында толтырылған құжаттарды 4 данада басып шығару қажет. Қызмет құны ішкі рейстерде 9 500 теңгені құрайды және әуебилетінің құнынан бөлек төленеді. Халықаралық бағыттар бойынша қызметтің өзекті құны мен қолжетімділігі туралы ақпаратты FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтынан білуге болады. Басқа платформаларда қызметті рәсімдеу тәртібі өзгеше болуы мүмкін.
👁 2 просмотров 📅 29.06.2026 🆔 490541
Местоположение